Бүгін Астанада қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ШЫҰ СІМК-на қатысатын делегация басшыларын қарсы алды.
Бірлескен отырыс барысында делегация басшылары ШЫҰ аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады.