Астана қаласында кілем сататын дүкенде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Осы түні Астана қаласының дүкендерінің бірінде кілемдер мен төбенің жануы орын алды. Зардап шеккендер жоқ, жұмыстар жалғасуда, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Елордалық өрт сөндірушілер 20 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен жойды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.