Қазақстандық әнші қамауға алынды

Сот YouTube видео хостингінде Қ.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады.

Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан қазақстандық блогер, әнші, актриса Фарема Қазақпаева жауапқа тартылды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Сот YouTube видео хостингінде Қ.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғанын анықтады. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған.

Сот отырысында Қ., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен Қ. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.