«Бүркіт» лақап атымен белгілі әнші Айбек Жансейітовтің жұбайы Аиша Мәдениет саласының үздігі атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңалықты Бүркіттің өзі әлеуметтік желіде жеткізді.
«Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” (төс белгі) марапатына ие болды! Махаббаттарыңыз үшін үлкен рақмет! Сенімдеріңіз үшін үлкен рақмет! Менің қуанышымда шек жоқ», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Алайда өнер иесінің оқырмандарының бір бөлігі бұған таңғалысын жасырмаған.
«Айбек ренжіме, бірақ тек қасыңда жүріп билеп, әнге қосылғаны болмаса, әнші де, биші де емес қой, жалпы. Одан да Қаракесекке беру керек еді», «Не үшін алды?», «Сахнада шынайы еңбек етіп, тер төгіп жүрген әртістердің ала алмай жүргені өкінішті...», «Мәдениет саласына қандай үздік нәрсе жасапты?» деп жазса, кейбір оқырман қолдау білдірген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.