Астанада елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке әр демалыс күндері Сарыарқа ауданында Соқпақбаев көшесіндегі №21 үйдің жанында өтеді.
Кәсіпкерлер көкөністердің, жемістердің, сүт өнімдерінің, азық-түлік өнімдерінің және ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады. Жәрмеңке 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.