Мыңнан астам қазақстандық карантинге жабылған
Мыңнан астам қазақстандық карантинге жабылған
© Срет ғаламтордан
Денсаулық сақтау министрлігінде 9 наурыздағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. 9 наурыз күні барлығы 77 адам, оның ішінде 1-ші б) санаты бойынша - 17 адам; 2-ші санат бойынша - 31 адам; 3-ші санат бойынша - 29 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 32 адам шығарылды. "Мониторингке барлығы 4084 адам алынды, оның ішінде 1-ші а) санаты бойынша - 1053 адам, 1-ші б) санаты бойынша - 182 адам, 2-ші санат бойынша - 2849 адам . Барлығы 408 адам бақылаудан алынды. 9 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3676 адам қадағалауда", - делінген хабарламада. Барлық ауруханаға жатқызылғандардың сынамасы қосымша бақылау үшін Алматыда Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталықта жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі игерілген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану қажет екенін еске салды: - қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; - спирттік антисептиктерді қолданыңыз; - адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу; - сырқат адамдармен қатынаста болмау; - суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге бару қажет.