Биыл үш облысқа шегіртке шабуылдауы мүмкін. Бұл туралы Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов мәлім етті, – деп хабарлады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Әбдікәрімовтің дерегінше, шегіртке зиянкестерінің 2 538,035 мың гектар аумаққа таралған. Зиянкестер Ақтөбе облысында – 784 мың гектар, Қостанай облысында – 776 мың гектар және Түркістан облыстарында 271 мың гектар аумаққа қаптауы мүмкін.
Ол шекаралас аймақтардағы шегірткелерге қатысты жағдай тұрақты бақылауда екенін айтады.
"Жалпы, елімізде шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейді. Оның ішінде шегіркенің 10-15 түрі астық пен шабындық, көкөніс дақылдарына қауіп туғызады. Ең қауіпті және зиянды шегірткелердің грегариялық түрлері – азиялық, марокколық және итальяндық шегірткелер", – деді Дархан Әбдікәрімов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.