Актер Рүстем Жаныаманов Instagram желісіндегі парақшасында отбасымен түскен видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер видео астына мағыналы жазба қалдырған.
"Өміріңізді кейінге қалдырмаңыз! Кейінге қалған кофенің дәмі кетіп қалады. Кейінге қалған істің қызығы кетіп қалады. Кейінірек күн түнге айналады. Кейінірек жақындарың өсіп, адамдар қартаяды. Кейінірек деп жүргенде өмір өтіп, берілген мүмкіндікті пайдаланбағаныңызға өкініш орнайды. Кейінірек уақытта қайтару мүмкін емес, кейін... өкіну де кеш! Кейін жасалған таңдаулар мен қабылданған шешімдер тағдырыңызды жасағанын көресіз. Айтқыңыз келген сөзіңізді, ойға алған істеріңізді, өміріңізді кейінге қалдырмаңыз!" – дейді актер.
Көпшілік актердің отбасына ақ тілегін арнады. "Керемет жұпсыздар, бір-бірлеріңізді толықтырып тұрасыздар", "Бақыттарыңыз баянды болсын", "Тіл-көзден сақтасын" деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.