Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы қарқыны күшті өр суы екі ауылға қауіп төндіргендіктен "Махамбет-Сарытоғай" тасжолын жыру туралы шешім қабылдаған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінде тасжол бойының екі жағына қорғаныс бөгеттері салынып, үстіне ұзындығы 12 метрлік плита қойылды.
Жаяу жүргіншілер және жеңіл автокөліктердің қозғалысын полицейлер бақылауда ұстайды.
– Өр суы осы жол жырығы арқылы сай-салаға кетіп жатыр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 27 кезекшілік бекеті бар. Кезекшілікке ТЖ мамандары, сарбаздар, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар жұмылуда, – деді Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі жедел штабының координаторы Алшынбек Мұханғалиев.
Сарытоғай ауылынан шығатын орташа және ауыр жүк көліктері “Сейтек” шайханасы жанындағы айналма жолды қолдана алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.