Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медалін алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген.
Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.