Тасқын өтіндегі Атырау

Атырау облысында тасқын қаупі әлі де болса күшейіп тұр. Қазір Атырау облысында Махамбет ауданы, Атырау қаласы үлкен қауіптің алдында.

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің су дең­­­­гейі  қазір 10 метрден асып кет­ті. 22 мамыр күнгі мәлімет бойын­ша, су деңгейі 10 метр 23 санти­метр­­ге жетті. Осылайша, Махамбет ау­данындағы су көлемі қауіпті дең­гейден 1 метр 73 сантиметрге дейін асып кетті. Атырау қала­сын­дағы су деңгейі 5 метр 82 санти­метр­ді көрсетіп, тасқын су көлемі қауіп­ті деңгейден асты.

Махамбет ауданы бойынша Са­рытоғай, Махамбет, Ақтоғай, Тал­дыкөл, Сарайшық ауылдары су­дың қоршауында қалып отыр. Тас­қын су кірме жолды бұзып, ауыл­ға байланыссыз қалу қаупі төн­гендіктен, Махамбет ауданы­ның жедел штабы Талдыкөл ауы­лы­ның тұрғындарын алдын ала эва­куациялау туралы шешім қа­был­дады.

Қазір Талдыкөлдің  224 тұр­ғы­ны Атырау қаласындағы арнайы жа­сақталған эвакопунктте жатыр. Оның ішінде 147 бала бар.

Махамбет аудандық жедел шта­­­­бының мәліметінше, Талдыкөл ауы­­­лындағы тұрғындар ерікті түр­де көшірілуде.  Тұрғындарды эва­куа­циялауға 25 орындық 4 автобус, 12 орны бар 2 ГАЗель автокөлігі мен 30 қызметкер тартылған.

«Бейбарыс ауылдық окру­гін­де­гі Талдыкөл ауылында 221 үй, 1 215 тұрғын бар. Кешке дейін ауылдың 140 тұрғыны Атырау қаласына жет­кізіліп, APEC жоғары коллед­жін­дегі эвакуация пунктіне орна­лас­тырылды. Оның ішінде 29 ер, 50 әйел, 3 мүмкіндігі шектеулі жан, 2 жүкті ана, 16 жасқа дейінгі 52 жа­­­­сөспірім мен 1 жасқа толмаған 4 сә­би бар», – деп хабарлады ау­дан­дық жедел штабтан.

Ал  ауылдың ер-азаматтары ауыл­ды тасқын судан қорғауда.  Тал­дыкөлдегі тасқын суға қарсы жұ­мысқа төтенше жағдайлар сала­сы­ның 107 қызметкері, 28 әскери қыз­метші жұмылдырылған. Ар­найы 9 техника бар.

Сарайшық ауылында зират қорымы тасқын судың астында қал­ды. Қарқыны қатты өр суы зи­рат­тарды қорғау үшін салынған бө­геттерді жарып кетті. Әскерилер, Тө­тенше жағдайлар департаменті ма­мандары, одан қалды ауыл тұр­ғын­дары жұмыла жүріп, екі күн бойы­на зират бойына жанама бө­гет соққанымен, су бәрібір зират­тар­ды шайып кетті.

Кілкіген судың ортасында қалған Сарайшықтың ал­дын­да қазір ауылды тасқыннан қор­ғау міндеті тұр. Әр 200 метр сайын кезекшілер бөгеттерді тәу­лік бойы бақылауда. Су жарған жер­лерді әзірге кезекшілердің де­реу хабар беріп, әрекет етуінің ар­қасында ғана тоқтату мүмкін бо­­­лып отыр. 

Сарайшық ауылдық округінің әкі­мі Жаннат Кенжеғалиеваның ха­барлауынша, кезекшілер арнайы бө­лінген 8 сектор бойынша жұмыс ат­қаруда.

«Сарайшық ауылында тас­қын­нан қорғану мақсатында салынған б­ө­геттің жалпы ұзындығы 13,6 ша­қы­рымды құрайды. Қазір әр  200 метр сайын кезекшілік қойыл­ды. Кезекшілер 4 сағат сайын ауы­сып, жағалау тәулік бойы ба­қы­ланып отыр», – деді Сарайшық ауыл­дық округінің әкімі Жаннат Кен­жеғалиева.

Еске сала кетелік, Сарайшық ауы­лында 13,6 шақырым бөгет са­лын­ды. Оның ішінде бөгеттің 5,4  шақырымы қайта жаңартылды. 8,2 шақырым бөгет жаңадан салынды.

Тасқынмен күреске қазір Са­райшықтың өзінде ауыл тұр­ғындарын қоспағанда, 200 сар­баз, 14 ТЖД мамандары жұ­мыл­ды­рылды. 

Жалпы, Махамбет ауданы бойын­ша, қауіпті аймақтарда 40 бе­кетте тәулік бойы кезекшілік ат­қа­рылып жатыр. 

Әзірге Махамбет ауданында ел­ді мекендер суға кете қойма­ға­ны­мен, шаруашылық орындары зар­дап шегіп жатыр. Атырау об­лы­сының төтенше жағдайлар жөнін­де­гі жедел штабының мәліметіне сәй­кес, күн өткен сайын белең ал­ған өр суының тасуынан Махам­бет ауданы бойынша 66 егін ша­руа­шылығы алқабы мен 27 мал ша­руашылығымен айналысатын же­ке қожалықтар зардап шекті. 

«Сонымен қатар 1 өндірістік жы­лыжай құрылысы, 1 жылыжай, 1 ешкі сүтін өндіретін зауыт, 1 ба­лық өсіру зауытының құрылысы жә­не 4 демалыс орны су астында қал­ды. 

Зардап шегу қаупі бар аймақта егін шаруашылығымен ай­на­лы­са­тын 7, мал шаруашылығымен ай­на­лысатын 19 шаруа қожалығы бар. Суға кеткен шаруа қожа­лық­тарындағы мал басы толықтай ал­дын ала бекітілген қауіпсіз ай­мақ­тарға көшірілді.  

Ал егіні суға кетіп зардап шек­кен  егін шаруашылығы иелерінің шы­ғыны толықтай өтеледі. Өр суы­ның  қарқыны саябырлаған соң арнайы комиссия құрылып, акт жасалып, есебі жүргізіледі», – де­ді Махамбет ауданының әкімі Қай­рат Нұрлыбаев. 

Тасқын судан зардап шеккен қожалықтардың бірі – 20 жыл­­ға жуық тарихы бар Атырау­да­ғы «Дастан» қожалығы. 

12 түрлі бау-бақша өнімдерін ер­те шығарып, жергілікті тұрғы­н­дар­ды экологиялық таза өніммен қам­тамасыз етіп отырған «Дастан» шаруа қожалығының 7 гектар егіл­ген ерте пісетін егін алқабы суға кет­ті. 

«Әрине, үлкен көлемдегі су­дың келе жатқанын білдік. Бірақ су тура мынадай ағыспен келеді деп күтпедік.  Көп күшіміз бақты қор­ғауға кетіп қалды. Шаруа­шы­лық­қа қарасты бақ 12 мамыр күні су­ға кетті. Одан кейін жолды қор­ғау­ға жұмыс істедік. Бірақ ағыс ті­­­келей соғып, дамбыны бұзып кетті. Амандық болса, егін шығады деп сенеміз. Бұл жерден бөлек,   қыр­­да 120 гектар болатын егін ал­қа­­бымыз бар», – деді  «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Қоныс Ерманов. 

«Дастан» шаруа қожалығы 19 жыл­дан бері ауыл шаруашы­лы­ғы­мен айналысуда. Шаруашылық бү­гінде 125 гектар аумақта көкөніс, бау-бақша өнімдерін өсіріп жатыр. Үл­кен жылыжайы бар. Бұдан бө­лек, қожалық мал шаруашылы­ғы­мен, құс өсірумен де айналысуда.

Қазір Атырауда тасқыннан зар­дап шеккен аудандарда шаруа қо­жалықтарына өтемақы төлеу бойын­ша комиссия құрылуда.

Атырау облысы Ауыл шаруа­шы­лығы басқармасы бөлім бас­шы­сының міндетін атқарушы Азат Қапановтың айтуынша, қазір 4 787 гектар егілген егін алқабының 85 гек­тары су астында қалған. 

«Облыс бойынша биыл 10 825 гек­тар егін егу жоспарланды. Тас­қын аумақтарында орналасқан ал­қаптардың  85 гектар егілген егін су астында қалып отыр. Сонымен бір­ге көктемгі дала жұмысын жүр­гізуге арнайы дайындалған жердің 4000 гектарын су басты. Ауыл шаруа­шылығы министрлігі зардап шек­кен өңірлерге өтемақы төлеу жө­нінде қағида жариялаған бо­ла­тын. Осыған байланысты шаруа­шы­лығы тасқыннан зардап шек­кен аудандарда комиссия құ­ры­луда. Өтініштер қабылданып, шығын өте­летін болады. Атырау қаласы ау­мағында тасқыннан зардап шек­кен шаруашылық нысандарының қа­тарында алма бақтар, егістік ал­­­қаптары бар», – деді Атырау об­лы­сы Ауыл шаруашылығы бас­қар­ма­сы бөлім басшысының міндетін атқарушы Азат Қапанов.

Тасқын судан Қызылқоға, Жы­лыой, Махамбет, Индер аудан­дарын­да және Атырау қаласындағы шаруа қожалықтарының бірқа­тары зардап шекті. Атырау облысы бойынша 500 гектардан астам егін ал­қабы қауіпті аймақта тұр, ол ау­мақ­тар қоршалып, бөгет орнатыл­ған. Бір ғана Махамбет ауданында тасқын қаупі бар  аймақтарда егін шаруашылықпен айналысатын 7 шаруашылық, мал шаруашылығы­мен айналысатын 19 шаруа қожа­лы­ғы бар.

22 мамыр күнгі ахуал бойынша, су тасқыны салдарынан Атырау қа­ласында 9 мал шаруашылығымен айналысатын  қожалық  суға кетті. Атап айтқанда,  Сарыөзек каналы аумағындағы 4 шаруа қожалығы  жә­не Соколок каналы бойында ор­наласқан 5 қожалықтың жер­ле­рін су басты. Бұл шаруашылықтар­дың 1 590 гектар мал жайылым ж­е­рі суда қалды. Дегенмен мал шы­ғыны болған жоқ.

Қазір жерін су басу қаупі бар шаруа қожалықтарға қалалық әкім­­дік тарапынан көмек көрсе­тілу­де. 

«Соның ішінде Қайыршақты ауыл­дық округіндегі «Тойлыбаев» жә­не Алмалы ауылдық округінен Жайық өзені бойында орналасқан «Ынтымақ» шаруа қожалықтарына шаруашылық жеріне бөгет соғу жұ­мыстары жүргізілді.  Соколок ка­налы бойында орналасқан «Нұр­­таза» шаруа қожалығының суда қалған 2 техникасы, жылқы, түйе малдарын су басқан аумақтан шы­ғарылып, Талғайраң жайылы­мы­на жіберілді, 100 бас сиыр ма­лын сол шаруашылық  жерінде өзі ұстап отыр. Осы шаруашылыққа жа­нар-жағармаймен көмек көр­се­тілуде.

Қайыршақты ауылдық окру­гін­де су басу қаупі бар  «Ақбұлақ» шаруа қожалығының борда­қы­лау­ға қойылған малын сақтап қалу мақ­сатында шаруашылық жеріне жергілікті әкімдік ұйым­дас­тыруы­мен  күрек, қапшық,  жанар-жа­ғар­маймен, малға қажетті жем-шөп­пен және сарбаздармен көмек көр­сетілуде», – деді Атырау қала­сы­ның әкімі Шәкір Кейкин. 

Айта кету керек, Атырау қала­сы аумағында егін шаруашылығы­мен айналысатын 14 шаруа қо­жа­лығының 735,17 гектар жер учас­­­­ке­лерін су басқан. 

Осы егістік алқаптарда егіл­ген 14 гектар жоңышқа, 1 000 түп жеміс-ағаш, 2 070 түп бас­қа ағаш, 2 шағын жылыжай, киіз үй, құрал-жабдықтар,  25 рулон мал азығы су астында қалып отыр. 

Тасқын қаупі Атырауда эпи­де­миологиялық ахуалды да нашар­латуы мүмкін. Осы мақсатта Аты­рау қаласының өзінде тасқын бол­ған жағдайда 94 медициналық бри­гада қызмет көрсетуге дайын­да­лып отыр. 

Атырау қаласында су тасқыны бола қалған жағдайда эвакуация­лық пункттерде тұрғындарға қыз­мет көрсететін медициналық бри­га­да ұйымдары бекітілді. 

Бұл туралы Атырау облысы Ден­саулық сақтау басқармасының бас­шысы Қайсар Абдалиев хабарлады. 

«Атырау қаласында қазір 94 эва­копункт дайын тұр. Бұл эвако­пунк­ттің барлығында медици­на­лық кезекші бригадасы құрылды. Бұдан бөлек, инфекциялық ау­ру­ханада қосымша стационарлық 200-ден астам резервтік орын дайын­далды. Қажет болған жағ­дайда модульдік аурухананы жү­мыл­дырамыз. Сондай-ақ тасқынға байланысты ахуал қиындайтын бол­са, Атырауға 100-ден астам дә­рі­герді тарту жөнінде шешім қа­был­данды», – деді спикер.

Облыста 52 жедел жәрдем кө­лігі бар, оның 30-ы қа­ла­да және 22-сі аудандар бойынша бөлінген. Одан бөлек, басқа меди­ци­налық ұйымдар арасында нау­қас­тарды тасымалдау үшін резер­в­тік 11 көлік қарастырылды.

Қазір қала бойынша 26 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеуде,  қажеттілік туындаған жағдайда қо­сымша 4 бригада қарастырыл­ған.

Тасқын су қаупі сейілер емес. Қа­зір Атырау қаласында, Махам­бет ауданында тасқынға қарсы кү­реске  және Жылыой ауданын­да­ғы қалпына келтіру жұмыстары­на Төтенше жағдайлар министр­лі­гі, Қорғаныс министрлігі, Шекара қыз­меті, Ұлттық гвардия, Ішкі іс­тер министрлігі, мемлекеттік ор­ган­дар қызметтерін қоса алғанда 5 000-ға жуық адам жұмылып отыр.

 

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы

 

БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА:

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше,    судың көптігі мен қатты желдің салдарынан «Соколок» каналы бойындағы бөгет бұзылған. 

«Соколок» каналы – Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі. Осыған байланысты канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қам­тамасыз ету мақсатында қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді.   Бө­геттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғай­тыл­ды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қа­зір жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін  қо­сымша техникалар жіберілді», – дейді Атырау облыстық жедел шта­бы.