Ақсу ферроқорытпа зауытының екі жұмысшысы термикалық күйік алып, ауруханаға жеткізілді, – хабарлайды Aikyn.kz.
"Жұмыс барысында екі краншы термиялық күйік алды. Зардап шеккен қызметкерлердің бірі Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, екіншісі тексерілгеннен кейін үйіне шығарылды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды", – деп түсіндірді Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі.
Кәсіпорын жұмысшыларға қажетті көмек көрсететіні атап өтті. Зардап шеккен қызметкердің жағдайы, сондай-ақ зауытта не болғаны және жұмысшылардың неліктен жарақат алғаны әзірге хабарланған жоқ.
Желіде өндіріс орнында қою қара түтін тұрған фото пайда болды. Зауыт аумағында өрт шықты деген болжам бар.