Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп жазады Aikyn.kz.
Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны 2021-2022 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына тыйым салынған тәсілмен қол жеткізген.
Сәуір айында Орал қаласы соты Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптары бойынша екі азаматтың әрқайсысының 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім шығаруға ҰҚК процессуалдық материалдары негіз болды.
Үкім заңды күшіне енді.