Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында басталған Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Назым Қызайбай бірінші кезеңнен сүрінбей өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түскен Назым бірінші айналымда словакиялық Николь Дуриковадан басым түсті. Қызайбай кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Содан соң, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс Назым Қызайбайға берілді.
Айта кетелік, Бангкокте бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.