Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев карьерасында алғаш рет UFC турнирінің басты кардында жұдырықтасады, - деп жазады Aikyn.kz.
Vesti.kz жазғандай, 15 маусымда өтетін UFC Vegas 93 турнирінде Алмабаев промоушендегі үшінші айқасын өткізеді.
Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Хосе Джонсон (16-8). Бұл жекпе-жек басты кардта өтіп, маңыздылық жағынан бесінші болады.
Осылайша, 30 жастағы Асуды алғаш рет негізгі кардқа қойды. Ал кештің басты оқиғасы Алекс Перез бен Тацуро Таира жекпе-жегі болады.