Жамбылдағы жол апаты: мектеп түлегі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, бір адам қаза тапты

Оқыс оқиға 25 мамырда Жуалы ауданында болған.

Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Көлік ішінде болған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оның бірі - мектеп түлегі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасынан 21 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Оның 20, 17 жастағы жолаушылары мен 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда",- деп мәлімдеді Жуалы ауданы әкімдігі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.