Астана қаласының Полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасы 18 жасар қызды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп жазады Aikyn.kz.
«Қазір кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ полициядан аталған іске қатысты өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтыны айтылды.