Актриса Айгүл Иманбаева Qazaqstan телеарнасындағы "1001 түн" бағдарламасына шәкірт тәрбиелеу үшін Лондонда көп нәрсе үйренгенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол қазақта Димаш Құдайберген сияқты көптеген жас талант бар, оларды көпшілік алдына шығару керек деген пікір білдірді.
"Менің өзімнің АИ академиям бар, АИ театрым бар, мемлекеттік университетте АИ шеберханам бар. Мен істейтін жұмыс көп. Сол себепті де қазір мен жиып-теріп әкелген энергиямды да, ойымды да талан-таражға түсірмей, үйренгенімнің бәрін, жазатынын жазып келдім, соның бәрін шәкірттеріме беремін. Әр өнер адамының арқалап жүрген миссиясы бар, жолы бар. Менің миссиям – алдымда 500 шәкірт отыр, оқушысы бар, студенті бар, шәкірті бар, сол ұрпақтың өресі биік болуы, білімді болуы, талантты болуы. Оның нәтижесін Димаш көрсетті, яғни Димаштан асып түсетін, Димаштың деңгейінде жүретін қазақта өресі де биік, білім де жоғары талантты ұл-қыздары жетеді. Оларды жол көрсетіп тәрбиелейтін кім? Яғни, өресі бар, білімі бар, таланты бар ұстаз. Мен өзімді сол қатардан көремін", – деді Айгүл Иманбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.