Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Олимпиадаға іріктеу турниріндегі екінші қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Sports.kz-тің жазуынша, Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші қарсыласы – филиппиндік кәсіпқой боксшы Кристиан Питт Лорентті сенімді түрде жеңді.
Енді 1/16 финалдағы 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі сында Мұхаммедсабыр армениялық Нарек Оганесянды жеңген түрік боксшысы Мизан Айколмен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Бангкоктағы турнирде боксшылар 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін сынға түсіп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.