Пышақпен шабуыл жасалған Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы есін жиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.
Пышақ жарақатын алған 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты деп бағаланды.
«Науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, есін біледі», – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
2024 жылғы 26 мамырда елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға түскені белгілі болды. Есіл аудандық полиция бөлімі адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.