Алматы облысындағы тасжолда аударылып қалған туристер мінген автобус жүргізушісі қамауға алынды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Полицияның хабарлауынша, көлік құралын басқарған жүргізуші жол-көлік оқиғасына дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл үшін енді жазаға тартылады.
«Сонымен бірге, автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға бергені үшін жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның иесіне ақшалай айыппұл салынады», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жалаңаш-Көлсай автожолымен жүріп, рульді басқара алмай, аударылып кетті. Автобуста 37 адам болған.
ЖКО салдарынан 25 адам зардап шекті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.