Фермерлерге жеңілдетілген несие бөлінді

Абай облысының шаруаларына жылдық 5% несие қол­жетімді болып отыр. Аграрлық несие корпорациясының өңір­лік филиалы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қар­жыландыру мақсатында қолда бар 1,3 млрд теңгеге қосымша 8 млрд теңге бөлінді.

Бұл іс-шаралар Президент тап­сыр­масын орындау аясында Үкіметтің қолдауымен ұйымдас­тырылуда. Жалпы, еліміз бойын­ша көктемгі егістік және егін жи­­­нау жұмыстарын қаржылан­дыру көлемі 300 млрд теңгеге ұл­ғайтылған.

«Фермерлерді қаржылан­дыру­­дың жаңа шарттары бұрын­ғы­дан өзгеше, бұл механизм фер­мер­лер үшін бірқатар маңызды мәселені шешеді. Біріншіден, қа­рыз алушылар жылдық 5% дең­гейінде жеңілдікті сыйақы мөл­шер­лемесімен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік субсидиялау қағи­даларына өзгерістер енгізілді. Енді фермер қосымша жұмыс­тар­сыз арзандатылған мөлшерлемені алады.

Екіншіден, кепілмен қамтама­сыз ету мәселесін шешу қарас­тырылған. «Кең дала 2» бағдар­лама­сы бойынша фермерлердің қарыз сомасының 85 % – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепіл­дік береді», – деп хабарлайды Аг­­рар­­лық несие корпорациясы.

Бұған дейін несиелер қысқа­мерзімге беріліп, оларды 1 жел­тоқ­санға дейін өтеу қажет болған екен. Ал енді қаржыландыру уа­қы­ты орта мерзімді болып са­на­лады. Өтеу мерзімі ұлғайтыл­ған. Мәселен, қазір қарыздардың 50%-ын өтеу 1 желтоқсанға дейін, қалған 50%-ы келесі жылдың 1 нау­­рызына дейін жабылса бола­ды. Бұл фермерлерге егінді неғұр­лым тиімді бағамен сатуға мүм­кін­дік бермек.

Н.ОРАЗҒАЛИ