Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ТЖМ өртке қарсы қызметінің төрағасына қатысты тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап.
Антикор ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеу жүргізді.
Лауазымды тұлғаларға бизнес өкілдерінен жүйелі түрде жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам пара алып келген деген айып тағылды.
Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында мәні бойынша қаралып жатыр.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады ведомстводан.