Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңілді. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға жол берді.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің 1/8 айналымына өте алмады.
Айта кетелік, Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.