«Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды»: «МузАрт» тобының видеосы жұртты күлкіге қарқ қылды

Бейнежазбадан жылап жатқан балаларды көтеріп тұрған әншілерді көруге болады.

Әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасына Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлымен түскен видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Бейнежазбадан жылап жатқан балаларды көтеріп тұрған әншілерді көруге болады. Тек Мейрамбек Бесбаевтың қолындағы бала ғана жыламай тұр. 

"Мейрамбектің қолындағы бала Мейрамбек сияқты жүрекпен жылайды екен, иә?" –  деп жазды Сәкен Майғазиев.

Бұл көрініс жұртты күлкіге қарық қылды. Көпшілік расында Мейрамбек Бесбаев көтеріп тұрған бала әншінің өзі сияқты сабырлы екенін айтып, пікір жазған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.