ҰҚК 2024 жылғы 28 мамырда прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тергеу мәліметі бойынша, олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.
Қазақстанға биыл келген. Тұрақты жұмыстары жоқ.
– Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.