Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы ШЫҰ-ға мүше елдердің үлесі – 67 пайыз

Сауда-саттықты дамытудың маңызды аспектісі логистика инфрақұрылымы екені сөзсіз.

Қазақстанның төрағалығымен өткен 9-шы отырыс барысында ШЫҰ ауыл шаруашылығы министрлері ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда қатынастарын дамытуды талқылады. Сондай-ақ аграрлық ғылым, ақпараттық технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі бағыттары сынды көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстарды ортаға салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

ШЫҰ серіктестері тек Қазақстан үшін ғана емес, өзге елдер үшін де маңызды нарықтар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер болып саналады. Қытай тарапы 2023 жылдың соңына қарай Қытайдың ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 19 млрд долларға жеткенін және 2010 жылдан бері екі есеге өскенін, ШЫҰ елдері ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін өткізу механизмі жасалған сәтте атап өтті. Оң динамикаға Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда да ықпал етті. Өйткені 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсіп, 1,3 миллиард долларға жетті.

Тәжікстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымының 90%-ы ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Ал Ресей Федерациясының елдің аграрлық экспортының үштен бірі ШЫҰ мүше елдерге бағытталады.

Өз сөзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров логистикалық тізбектердің өзгеруі ШЫҰ-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің бір нарықта иық тіресе жұмыс істеуіне алып келетінін атап өтті. 

«Егер Қазақстанның АӨК үшін астық индустриясы негізгі болып табылса, біз оның тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ терең өңдеуді дамытып жатырмыз, онда елдің жаңа бағыты, мысалы жемшөп өндірісі болуы мүмкін», - деп атап өтті министр. 

Қазақстан жемшөп өндірісі жағынан, оның ішінде сыртқы нарықтарға, мысалы, мал азығы үшін жемшөп арпасын импорттайтын Иран нарығына (2,5-3 млн тонна) сату жағынан үлкен мүмкіндіктерін байқауда. Қазақстан мен Өзбекстан негізгі тауарлар бойынша ақпарат алмасу ұсынысын алға тартты. Бұл оларға өндіріс пен сауда жоспарларын үйлестіруге және сұраныстың шарықтау кезеңінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Айдарбек Сапаров саудадағы, әсіресе, мал өнімдеріне қатысты бар кедергілерді жоюды жеделдетуді ұсынды.

Сауда-саттықты дамытудың маңызды аспектісі логистика инфрақұрылымы екені сөзсіз. Мұны кеңеске қатысушылардың көбі өз сөзінде атап өтті. 

"ШЫҰ кеңістігінде азық-түлік нарығының өзара тиімді жұмыс істеуі үшін жеткілікті дамымаған және теңгерімсіз көлік-логистикалық инфрақұрылым кедергі болып отыр. Ауылшаруашылық тауар айналымын кеңейтудің маңызды шарты бұрыннан бар және жаңа мультимодальды жүк тасымалдау бағыттарын одан әрі дамыту қажет. Бұл үдерістегі шешуші рөл Орталық Азия елдеріне жүктелген», - деді ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Джон Кейн.

ШЫҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің 9-шы отырысының қорытындысы негізінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаға сәйкес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы органдары арасында ынтымақтастық үшін жағдай жасауға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және технологиялармен алмасуға, селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық реттеу мәселелері бойынша ақпарат алмасуға міндетті.

Айдарбек Сапаров алдағы жұмыстарды нақтылау үшін Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірінің базасында селекционерлердің семинарын өткізуді, оның барысында елдердің генетикалық материалға деген қызығушылығы мен қажеттілінін анықтауды ұсынды. Мысалы, Қазақстан суды тұтынуды азайтатын көкөніс тұқымдары мен күріш тұқымдарына қызығушылық танытып отыр.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның кеңесті ұйымдастыру мен өткізуге, селекциялық және тұқым шаруашылығы бағдарламасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. ШЫҰ ауыл шаруашылығы министрлерінің 10-шы отырысы ҚХР төрағалығымен өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.