Лондон қор биржасындағы ресейлік компаниялар акциясының бағасы 20-25%-ға төмендеді
Лондон қор биржасындағы ресейлік компаниялар акциясының бағасы 20-25%-ға төмендеді
Фото: Интернеттен алынды
Кеше Лондон қор биржасында саудаланатын ресейлік компаниялардың акцияларының бағасы күрт төмендеді, – деп жазады «Российская Газета». Басылымның жазуынша, әсіресе, «Роснефть», «Газпром», «Лукойл», «Сургутнефтегаз», «Татнефть», «Новатек», «Газпромнефть» мұнай-газ компанияларының акциялары (14-25% -ға) қатты құлдырады. Сондай-ақ, Сбербанктің GPR (-23%) және ВТБ-ке де (-17%) кері әсер етті. Айта кетейік, кеше мереке болғандықтан, Мәскеу биржасында сауда жүргізілмеді.