Маңғыстау облысында адам ұрлап, оны өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

Осы іске қатысы бар тағы бір күдікті ұстатпай қашып кеткен. 

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметшіні ұстағаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер өлтірген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Осы іске қатысы бар тағы бір күдікті ұстатпай қашып кеткен. 

Аталған ақпаратты Полиция департаменті растады.

– Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Қамауға алынған екі күдіктінің біреуі бұрынғы әскери қызметші болып шықты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.