Ұлттық банк валюта айырбастауға мораторий жарияланғаны жайлы жаңалыққа түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Спутник Қазақстан». 9 наурыз күні доллар күрт қымбаттағаннан кейін, әлеуметтік желілерде Ұлттық банк басшысының өкімі делінген мәлімет тарала бастады. Онда 10-13 наурыз аралығында айырбастау опреацияларын жүргізуге толық тыйым салынғаны айтылған.
«Қолма-қол ақшамен айырбастау операцияларын жүргізуге толық мораторий енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Таратылған құжатта Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы, мөр мен шығыс нөмірі жоқ», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Ұлттық банк барлық ақпарат ресми сайтта жарияланатынын хабарлады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы арнайы жиын өткізіп, бұған дейін Үкімет пен Ұлттық банк мұнай бағасының арзандауына байланысты бірлескен үндеу жариялаған болатын. Мемлекеттік органдар доллар бағасының өсуіне байланысты халықты дүрлікпеуге шақырды.