Студенттер тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға көмектесті

Нархоз университетінде «Әлеуметтану» бағдарламасының 3-курс студенттері «АСАР» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкенің мақсаты – елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету. Жәрмеңкенің барысында, небәрі 3 сағаттың ішінде 300 125 теңге жиналды. Жиналған қаражат тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға жіберілді. Іс-шараға мұғалім Лейла Қасымова және 3-курс студенттері қатысты. 

– Біз біргеміз! Қиын-қыстау сәтте бір-бірімізге көмек қолын созып, тек жақсылық жасап жарысайық. Қаражат аз-көп болса да апаттан зардап шеккендерге ауадай қажет. Сол себепті, барлық студенттер мен оқытушыларды асарға шақырамыз, – дейді студенттер.

Президент, Премьер-министр және әкімдер бұл мәселелер шешілетінін айтты. Үйлерді жөндеп, баспанасы қирап, далада қалған тұрғындарға жаңа үй беріледі. 

Гүлшекер СҮЛЕЙМЕНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті