Астананың периметрі бойынша түрлі бағыттар бойынша 8 стационарлық полиция бекеті қойылды. Тәртіп сақшылары азаматтардың құжаттарын тексереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласының Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп жатыр.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, жолын кесу үшін қала аумағында Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар бағыттары бойынша 8 "Рубеж" стационарлық полиция бекеттері, сондай-ақ Қорғалжын, Тайтөбе, Балқарағай, Астраханка бағыттары бойынша бекеттер қойылған.
"Бекеттерде құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың құжаттары мен автомобильдерді тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді. Кіру және шығу бойынша шектеулер қарастырылмаған", - деді KAZ.NUR.KZ тілшісіне елордалық ПД өкілдері.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.