Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

«Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті. ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды», – деп атап өтті федерациядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.