Бір тәулікте 595 адам коронавирус жұқтырған Иранда вирустан көз жұмғандар саны артты

Бір тәулікте 595 адам коронавирус жұқтырған Иранда вирустан көз жұмғандар саны артты

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7161 адамға жетті, – деп жазады ИРНА агенттігі. Коронавирустың жедел таралуы туралы Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур ресми хабарлаған. «Соңғы бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 595 адамға жетіп, Иранда ауырғандар саны 7161 жетті. Ал көз жұмғандар саны 237-ге жетті», – деді Киануш Джаханпур. Оның сөзіне қарағанда, коронавирусты жұқтырғандардың арасынан 2394 науқас дерттен жазылып шыққан.