Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.