«Халық заңгері» акциясы – заң үстемдігінің кепілі

Елімізде ауқымды демократиялық реформалар жүргізудің нәтижесінде халықаралық міндеттемелерге сәйкес адам құқықтарын қорғаудың маңызы артып келеді.

Заң үстемдігін нығайту мақсатында қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу арқылы «Әділетті Қазақстан» құру мәселесі күн тәртібіне шығып отыр.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақ­стан» – бұл әуелі халықтың заңды құқығы мен азаматтық қоғам қа­ғидат­та­рына сай эконо­­­мика­лық, әлеу­меттік, саяси құқық­­­тарының қор­ғалуын қамтамасыз ететін мем­­­­­­­­­­­­­­­лекеттік ұстаным. Заң­­­ды білу тек құқық қорғау ор­гандары мен заң­герлерге ғана міндет емес. Заң­­­­ды білу және заң талаптарын орындау, алдымен халықтың құ­қықтық сауаты мен құқықтық мә­­­­дениетін қалып­тастыру арқылы жү­зеге асады. Яғни, құқықтық ме­­­­млекет құру, заң үстемдігін ор­нату про­цесінде құқықтық тәрбие мәсе­ле­лерінің маңызы жоғары. 

Жеке адамның құқықтық мә­дениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, тұрғындарға заң тұрғысында тегін кеңес беру мақ­сатында 2016 жылдан бері рес­пуб­ликамыздың барлық өңірінде «Халық заңгері» рес­публикалық акциясы ұйымдастырылып ке­­­леді. Бұған дейін акцияға 8 000-нан астам үздік сарапшылар мен мем­­­лекеттік органдардың өкіл­дері қатысқан.

– «Халық заңгері» респуб­ли­­калық акциясы еліміздің бар­лық қалалары мен елді мекенінде өтті. Бас­ты мақса­ты – халықтың құқық­тық сауатын жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көр­сету, тегін заң кеңестерін беру. Мемле­кеттік бар­лық құқық қор­­ғаушы органда­­ры­­ның белгілі заңгерлері тұрғындар тарапынан туындаған құқықтық сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халыққа заң кеңестерін береді. Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ак­ция­ға әр жыл сайын белсенді қатысады. Өйткені тұр­ғындарға құқықтық сауаттылық қолдау көр­сету пре­вен­ция жұмы­сының бір шарты болып табылады. Халық жер дауы, КСК, сапасыз тұрғын үй мәселесі бойынша көп­теген сұрақ­тар қойып жатады. Біздің агенттік халық тарапынан түскен сұрақтарға қатысты тиісті бағдар береді және мәселенің шешілуін аяғы­­на дейін жеткізуге көмек­­тесеміз, – деді Сы­байлас жемқор­­лыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі превенция қызметі бас­шысының орынбасары Жігер Байділдин.

Астана қаласы әкімдігінің қол­дауымен өткен «Халық заң­гері» акциясына әдеттегідей ха­лық көп жиналды. Қала тұрғын­­дары кез келген даулы мәселесіне қатысты тегін заң кеңесіне жүгіне алды. Акцияның болатынын инстаграм арқылы білген қала тұрғыны Ма­дина Каренова: 

– Мұндай акцияның болуы халық үшін өте пайдалы әрі ке­рек. Тұрғындар өздерінің кө­ке­йінде жүрген сұрақтарын қойып, шеші­мін таппай жүрген мәселе­сіне қатысты жауабын ала алады. Өзі­ңізге белгілі кез келген адам өзіне қажет маман кеңесін алу үшін түрлі есіктерді қағып, тіпті кейде со­ңын­да әділетке жете ал­май, қолын бір сілтеп жатады. Мен өзімді маза­лап жүрген сұр­ағыма жауап алдым. Мемлекет тарапынан халық­қа заң тұрғы­сында тегін кеңес берудің маңы­зы зор. Ұйым­дас­­­тыру­шыларға алғыс білдіремін, – деді. 

Халықтың мұңын тыңдап, тегін заң кеңесін берудің жөні бөлек. Акция аясында тұрғындар білікті мамандардан тегін заң көмегін алудың қолжетімді бол­ға­нына дән риза. Ұзақмерзімді ипотекамен ал­ған баспанасының сапасызды­ғына шағымданып кел­­­ген қала тұрғыны Айша Жа­нарбек жаңбыр салда­рынан «Отау» тұрғын үй кеше­нінен не­­сиеге алған үйінің төбесінен су аққанын және салдарынан қа­­­быр­ғаларының батпағы құлап жат­­қа­нын айтты. «Заңгерден тиіс­­ті жауап ала алдыңыз ба?» де­­ген сұрағы­мызға қала тұрғыны: 

– Иә, заңгерге тікелей жолы­ғып, мәселемді жеткізгенім үшін қуа­нып тұрмын. Заңгердің ай­туынша, құрылыстың сапасына тұр­ғын үйді салған компания жа­уап­ты екен. Олар заң аясында өз­дері келіп барлық кемшілікті түзетіп береді. Мен өтінішімді жазып қалдырдым, – деді.

Шара аясында адвокаттар, но­­­­та­­риустар, судьялар, проку­рор­лар, тергеушілер, сот орын­дау­­шылары, полицейлер, Сыбай­лас жем­­­қор­­­лыққа қарсы қызмет, әді­лет, са­лық органдарының, жыл­­­жымай­­тын мү­­­­­­­­лікті тіркеу басқар­масының қыз­­­­меткерлері секілді 70-тен астам ма­­­­­­­­­ман тұр­ғын­­­­дарға заң көмегін ұсын­­ды. Жаз мезгілінде өрт қауіп­сіздігі мәселелерінің жиі­леп кететі­ніне байланысты сұ­рақта­­рымен кел­­­­­­­­­ген халықтың да қарасы көп екен. 

– Көбіне тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты сұрақтармен келіп жатқандар көп. Біз бұл бағытта алдын алу шара­­ларын жүргіземіз. Өрт қауіп­сіздігі маусымы басталғалы бері біздің басқарма әкімдікпен бір­лесіп, тұр­­ғындарға түсіндіру ба­ғы­тындағы жұмыстарды бастап кеттік. 8 сәуір­ден бастап қала аума­­ғындағы қа­мыстар мен құр­ғақ шөптерді ша­уып, өрттің ал­дын алу шара­ларына басымдық беріп жатырмыз. Ал орман алқа­бындағы өрт қауіп­сіз­дігін қамта­масыз ету бойынша, Ауыл шаруа­шылығы мен төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп жұмыс­тар атқарамыз, – деді Астана қала­сы ТЖД мемлекеттік өрт ба­қылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова. 

Акцияны ұйымдас­тыру­шы­­лардың айтуынша, акция ая­сында заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам адам тегін заңгер­лік кеңес алды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ