Әнші Нұржан Қалжан "Хабарlike" бағдарламасында біраз уақыт сахнаға шықпауына не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол көбіне тойда өнер көрсеткенін жеткізді.
"10 жылда мен құрылысқа немесе басқа жұмысқа кеттім дей алмаймын. Өнердің бір шетінде жүрдім. Ортасына түскен жоқпын, оны мойындаймын. Сахнаға шықпадым, түсірілімдерге қатыспадым. Тек тойдың маңында жүрдім. Әнші сахнадан қанша алыстап кетсе де, оның тыңдарманы жібермейді екен. Бір кездері ауылға қайтып, мал бағамын, фазенда ашып, жылқы жинасам деген ой келді. Өйткені өнерден көңілім қалғандай болды. "Кетемін" деп ауылға қайтқанның өзінде жатқызбады. Тыңдармандарым тойларына, қуаныштарына шақырып алды. Содан тойға барып, ақша тауып жүрдім", – дейді әнші.
Өнер иесі сахнаға оралу оңай болмағанын айтады.
"Өнерге оралу өте қиын. ...Тіпті, қасыңдағы өнер адамдарының өзі сенің қайта шықпауыңа әрекет жасайды. Мысалы, мен биіктікті де көрдім. Әнім танымал болып, күнде қуанышқа, күнде мейрамға барғанда қасымда өнердегі 10-20 досым жүрді. Төменге құлаған сәтім де болды. Ол жақтың да, бұл жақтың да дәмін көрдім. Құлаған шағымда жаңағы достардың бірі де қалмады. Ол өмірдің заңдылығы да шығар. Бірақ сол өнердегі достарым мені көріп қалса, менсінбеушілікпен қарай бастады", – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.