Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 463-ке жетті
Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 463-ке жетті
Фото: Интернеттен алынды
ANSA агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Италияның Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли елде коронавирустан 463 адам көз жұмған.  Оның айтуынша, Италияда коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 7985-ке жетті. Елде коронавирусқа шалдығудың 9172 оқиғасы тіркелген. Соңғы мәлімет бойынша  бүгінде Италия коронавирусқа шалдыққандардың саны жағынан Қытайдан кейін екінші орында тұр. Анджело Борреллидің айтуынша, елде 724 адам емделіп шықты. Бұл жексенбі күнімен салыстырғанда 102 адамға көп.