«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
Еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз шығыс өңірде нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан өңірінің орталығында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.