Шахтинск маңындағы көлде қайықпен жүзіп кеткен екі балықшы жоғалып кеткен. Біреуі өлі табылды, екіншісі іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Вечерняя Караганда” Telegram-арнасының жазуынша, төтенше жағдай жасанды су қоймасында, Ленин атындағы шахта маңында болған. 1 маусымда 1958 және 1967 жылы туған екі ер адам моторлы қайықпен жүзіп кетіп, қайтып оралмаған.
2 маусым күні таңғы сағат 04-00-де құтқарушылар жағадан 500 метр қашықтықтан қайықты тапты. Оның ішінде 1958 жылы туған ер адамның денесі болған.
Оқиғаның мән-жайы мен оның өлімінің себебі анықталып жатыр.
1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.