5 маусымда Алматыда алғаш рет тасжол веложарысынан элита өкілдері, андерлер, жасөспірімдер мен параспортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, Masters санатындағы велошабандоздар арасында да сайыс болады.
ҚР тасжолдағы велоспорттан аға жаттықтырушысы Даниил Фоминых Азия біріншілігінде өнер көрсететін андерлер мен ер адамдардан құралған шабандоздарды атады. Бапкердің айтуынша, бұл жолы еліміздің намысын ең мықты деген спортшылар қорғайды.
Андерлер арасындағы жарыс. Жеке жарыс бойынша Ремхе Андрей қатысса, топтық жарыста Николя Винокуров, Руслан Алиев, Рудольф Ремхе, Андрей Ремхе қатысады. Элита өкілдері арасындағы жарыс. Эстафетаға Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан сынды спортшылар қатысады.
«Өкінішке қарай биыл Азия чемпионаты басқа ірі халықаралық жарыстармен тұспа-тұс келді. Сондықтан Astana Qazaqstan Team шабандоздары бос емес. Азия чемпионаты-2024 өткізу мерзімі сәл кейінірек жарияланғандықтан, Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Луценкода қазақстандық велокоманда құрамында жарыстар жоспарланған болатын», – деп айтты Даниил Фоминых.
Азия чемпионаты Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қағидаларына сәйкес өткізіледі. Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясының қолдауымен Қазақстан велосипед спорты федерациясы (KCF). Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Серіктестер: Sport Qory спортты қолдау қоры, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ.
Ауқымды іс-шара 12 маусымға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.