Бұл мақсатта тиісті қаржы бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" арқылы "Атырау" корпоративтік қорына аударылды. Игі іс "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қолдауымен жүзеге асты.
Жалпы осыған дейін "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялары тобы елімізде орын алған су тасқынына қарсы күреске 15 млрд теңге бөлген болатын. Сонымен бірге портфельдік компаниялар өңірлерде азаматтарды тасымалдауды ұйымдастырып, арнайы техника бөлді және гуманитарлық көмек көрсетті.
Бүгінде Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қорына еншілес кәсіпорындардың серіктестерінен су тасқыны салдарын жоюға қаражаттың түсуі жалғасуда. Олардың ішінде мұнай-газ секторындағы румыниялық "Rompetrol", ірі атом компаниялары "Cameco" және "CGN", жапониялық "Marubeni" сауда компаниясы бар. Қаражат өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.