Кентаулық оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл – еліміз бойынша әзірге ең жоғарғы көрсеткіш, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдос Қожанов 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11-сыныпта жекеменшік мектепке ауысқан. Ол болашақта математика пәнінің мұғалім болғысы келеді.
Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і «Алтын белгі» белгіге, 2 466 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.