Өңірдегі оң істер жалғасып жатыр

Қарағанды облысында ауыл ша­р­­­уа­шылығына арналған ірі жоба­ла­лар жүзеге асуда.

Бұдан бір жыл бұ­рын Нұра ауданы Көбетей ауы­лын­да тәулігіне орта есеппен 27 тон­­­на сүт өндіруге мүмкіндік беретін сүт-тауар фермасының құрылысы бас­­талған болатын. Биылғы күзде аяқ­талады деп жоспарланған фер­ма­ға голштин тұқымды сиырлар әке­­­лінетін болады.   

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына бар­ғанда: «100-ден астам ірі сүт-тауар фер­масы салынып жатқан Солтүстік Қа­зақ­стан облысының жетістіктері көпке үл­гі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем­шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байып­ты қолдау шаралары қолға алынған. Осы­ның бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәти­же беріп отыр. Құс фабрикаларын, кө­кө­ніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кә­сіпорындар салған кезде осы тәжірибені бас­шылыққа алу керек», – деген еді.

Міне, осы сөз облыс басшылығына түрт­­кі болып, Қарағанды өңірін­де 3 ірі сүт фермасы салынады. Соның бірі Нұ­ра ауданы Көбетей ауылында бой кө­теруде.

Осы ауылда болған сапарымызда жұ­мыс жайынан хабардар болып қайттық.

«Черниговское и К» ЖШС және «Ра­ма­дан МФ» ЖШС серіктестігі тауарлы ірі сүт фермасына тапсырыс берген. 

– Сүт-тауар фермасын салу арқылы біз өнім алуды әртараптандырайық деп шеш­­тік. Біз – өсімдік өсірушілерміз. Жа­сы­­­­ратыны жоқ, жыл сайын моно дән егу­мен айналысу қиындап барады. Сон­дықтан «Рамадан МФ» ЖШС-мен бірігіп, Қа­рағанды облысы мен Астана шаһа­ры­ның сүт өңдеу кәсіпорындарын ши­кі­зат­пен қамтамасыз ететін заманауи тауарлы-сүт фермасын салу туралы шешім қабыл­да­дық, – дейді «Черниговское и К» ЖШС ди­ректоры Айдос Қанапин. 

Жоба бойынша 1 100 бас ірі қара ұстау­ды қарастырып отыр. Ферма жобалық қуат­тылыққа шыққан кезде жылына 9 000 тон­наға жуық сүт өндіру жоспарлануда. 70-ке жуық жұмыс орны құрылады, бұл рет­те жұмысқа бірінші кезекте жергілікті тұр­ғындар орналастырылады.

Сүт-тауар фермасы өзін азықпен қам­та­масыз етеді. Ол үшін су тарту құрылысын жә­не су құбыры желілерін салу жобасы әзір­ленді. Ол сүрлемге арналған жасыл жү­гері және басқа да дәнді дақылдар отыр­ғызылады деп жоспарланған 700 гек­тар алқапты суаруды көздейді.

– Бәсекеге қабілетті еңбекақы төлене­тін 60 жаңа жұмыс орнын құрамыз. Егер реті келіп жатса, одан да көп жұмыс орны ашы­лады. Бірінші кезекте ауыл тұрғын­да­рын жұмысқа аламыз. Қазір олардың көп­шілігі амалдың жоқтығынан елордада жүр. Кейбірі күнделікті қатынап істейді. Ен­ді біздің ферма ашылғаннан кейін жас­тар қаладан жұмыс іздемейді. Туған ауы­лын­да тұрып, заманауи сүт фермасында жұ­мыс істеп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қо­сатын болады. Әр ауылда осы секілді кә­сіпорын, агрофермалар болса, ол ауыл да­миды. Ел көшпейді. Сырттан жұмыс ізде­мейді. Тағы да қайталап айтайық, ауыл жұр­тының жақсы табыс табуына мүм­кін­дік жасамақ ойымыз бар, – дейді директор Айдос Канапин. 

Ферма Нұра ауданының орталығынан 25 шақырым, Астана қаласынан 70 ша­қы­рым жерде салынып жатыр. Бұл шаруа үшін өте тиімді. Өйткені сүтті Астанаға да об­лыс орталығы Қарағандыға да әкеліп саудалауға қолайлы. 

Жоба құны 4.8 млрд теңгені құрайды. Оның 2 млрд 70 млн теңгесі кешеннің құ­­­рылыс жұмыстарына жұмсалып отыр. 1 млрд 292 млн қаражаты ферманың зама­науи жабдығына бағытталса, 1 млрд 463 млн теңгесіне асылтұқымды сиыр алына­ды. Үкімет ферманың толық жабдығы мен мал­дарын субсидиялайтын болады. Фер­ма жаңа агроөнеркәсіптік кешендерге жеңіл­дікпен несие берудің мемлекеттік бағ­дарламасы бойынша салынып жатыр. 

Құрылысы былтыр тамыз айында бас­талған фермада екі мердігер Asia Modern Group ЖШС мен «ДСК-Строй» ЖШС бір­лесіп, жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұ­мыс­тарына ауылдың тұрғындары да тар­тылған. Екі мердігер ұйым 45 адамға жұ­мыс беріп отыр. «Черниговский и К» ЖШС-ның басқарушы менеджері Арман Нұр­жанов бүгінгі күні жоспарланған құры­лыс жұмысының 40 пайыздайы аяқ­тал­ғанын айтты. «Жұмысты қыркүйек айы­на дейін аяқтап қалуымыз мүмкін», – дейді мердігерлер. 

Бұл арада бес фермадан тұратын ке­шен, сондай-ақ жемшөп өндіруге ар­нал­ған сүрлем алаңы болады. Тауарлы-сүт фер­масында арнайы астық тазартқыш қой­­­масы қатар орналасады. Бұл жерге там­шылатып суару жүйесі орнатылады. Тауарлы-сүт фермасы қажетті азықпен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Ол үшін су тар­ту құрылысын және су құбыры желілерін салу жобасы әзірленіп, қолға алынған. Жо­ба сүрлемге және басқа да дәнді да­қыл­дарға араластыратын жасыл жүгері отыр­ғызу жоспарланған 700 гектар алқап­ты суаруды көздейді. Жоба «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау тауыпты. 

Кәсіпкерлер оны жүзеге асыруды кү­тіп отыр және аустриялық Bauer фир­ма­сы­ның алты шашыратқыш машинасын са­тып алған. 

Сиыр сауатын орын сүттің мөлшері мен сапасын автоматты түрде бақылап оты­ратын жоғары технологиялық құрыл­ғы­мен жабдықталады. Сүт фермасының бас­шылары мұндай толық «ақылды» құ­ры­лғыны Германиядан арнайы алдырады. Келісімшарт жасасып, жарты қаражатын аударған. 

Асылтұқымды сиырдың арнайы «чи­пы» болады. Сол арқылы күніне, айына қан­ша сүт бергенін көре алады. 

Фермаға асылтұқымды голштинді Гер­маниядан әкеледі. Бұл сиырлар – ең сүтті тұқымдардың бірі ретінде белгілі. 2-2, 5 мың еуро тұрады. Ферманың жобалық қуа­ты – 1 100 бас. Күніне 27 тонна литрге дейін сүт алуды жоспарлап отыр. Алғашқы 400 сиырды биыл күзде әкелмекші. 

Бұл – «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіп­кер­лік корпорациясы қолдаған облыстағы ірі тауарлы-сүт фермасын құру бойынша ин­вестициялық жобалардың бірі.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ