«Бұлай қоқыста жатпасыншы»: Астанадағы қоқыс жәшігінен бесіктің табылуы көптің көңіліне қаяу салды

Желі қолданушысы Астанадағы қоқыс жәшігінің бірінен бесікті тауып алды.

Әлеуметтік желіде қоқыста жатқан бесіктің видеосы тарады. Бұған қатысты көпшілік наразылық білдіріп, ренжіп жатыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты.

Видеоны qazplov1 есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 10 мыңға жуық лүпіл басылып, 3000-нан астам пікір жазылған.

 

"Бұрын әлеуметтік желіден осындай видеоларды көрсем, сенбейтін едім. Өкінішке қарай, қазақтың бесігі қоқыста жатыр. Бесікті бұлай тастап кете алмаймын. Үйімнің шатыры бар, соған апарып қояйыншы. Бұлай қоқыста жатпасыншы. Керек адамға берермін. Біздің тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғой мұны істеп отырған", – дейді видео авторы.

"Қайран үйдің төрінен орын бұйырмағаны өкінішті", "Қаладағы шала мәңгүрт қазақтың істегені болса керек", "Бесік киелі зат", "Өте орынды, бақытты бол, бесік киелі", "Дұрыс істедіңіз", "Керемет, жарайсыз", "Тастап кету түгілі, бесіктің бетін ашық қалдырмаған", "Не болып барамыз, қазағым-ау" деп жазды желі қолданушылары.