Қалалық прокуратураның мәліметінше, аталған нысанның жалпы құны – 3 млрд теңге.
«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының былтыр қараша айындағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жекеменшікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді», – деп атап өтті прокуратурадан.
Ауданы 3 974 шаршы метр және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі В.Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.
Қазір жылжымайтын мүлік, қала әкімінің қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің баланысына берілді, қосымша қосалқы станса ашу жоспарда бар.