Мектептің Мемлекеттік рәміздер бұрышы жанынан ұйымдастырылған кітап көрмесіне тәуелсіздігіміздің нышаны, Отанымыздың ұлттық мақтанышы – Мемлекеттік рәміздер туралы кітаптар, рәміздер тарихы мен ғылыми еңбектер туралы материалдар орналастырылды.
Іс-шара барысында мектепті бітіруші сынып оқушылары Мемлекеттік рәміздер туралы жинақтаған деректері мен түсініктерін ортаға салып, Мемлекеттік рәміздер және оның тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараны қорытындылаған «АМАNАТ» партиясы Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Әліпов: «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа сенімін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Тәуелсіздігіміздің нышандарын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті, өйткені олар – халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз», – деді.
Сонымен қатар Бақтыбай Қиянбекұлы іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары көрсеткіштерге жетіп, аңсаған армандарының орындалуына тілектестігін білдірді.
Берік БЕК