Атырау облыстық Құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дархан Тілепбергеннің мәліметінше, Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағынауданында 100 тұрғын үй салу көзделген.
«Қазір тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған 48 үйдің іргетасын қалау аяқталды. Тағы 52 үйдің іргетасы құйылып жатыр. Мұнда құрылыс материалдары жеткілікті мөлшерде тасымалданды. Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін жергілікті компаниялардан үш мердігер таңдалды. Жаңадан салынуға тиіс 80 үй «Қазақстан халқына» қоры бөлген қаржыға салынады. Ал 20 үйдің құрылысы жергілікті бюджет есебінен бой көтереді. Қыркүйек айында 100 үйді пайдалануға тапсыру көзделіп отыр», – деді Дархан Тілепберген.
Оның айтуынша, құрылыс жұмысына 100 құрылысшы маман, 50 техника тартылған.