Олжас Анафин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары – Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.