Қызылордадағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы жеңіл көлік өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
– Өрт сөндірушілер шақырту сәтінен бастап 13 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, - делінген хабарламада.